Архив событий

05/05/2016

Көршісіне тіл тигізіп, айыппұлға қалды

05/05/2016

Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) Жалпақтал ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы қоғамдық орында, яғни өзінің тұратын уйінің маңында көршісін  себепсіз балағатап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Ұлы Женіс күні қарсаңында

05/05/2016

Ұлы Женістің 71 жылдығы  қарсанында Теректі аудандық сотының төрағасы М.Маликов доғарыстағы судья Дуйсекенова Раиса Қайырғалиқызымен кездесті.

Кездесу барысында сот төрағасы М. Маликов өзінің және Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялар кұрамы атынан доғарыстағы судьяны  келе жатқан мейраммен құттықтап, жақсы тілектер айтты.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/05/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1 бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) жинақталған әкімшілік істі қарады.

«Finance» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылды

05/05/2016

Казталов аудандық  соты талапкер "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің банктік берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

«Альянс Банкі» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес жауапкерге 36 ай мерзімде  төлеп қайтару үшін 132 000 теңге көлемінде қарыз берген.

Берешек соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

05/05/2016

Тасқала аудандық соты талапкер "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің  жауапкер Ш-нан банктік берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

«Альянс Банкі» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес жауапкерге 24.11.2010 жылға дейін   42 ай мерзімде  төлеп қайтару үшін, 198 048 теңге көлемінде қарыз ақша берген.

Зеленов ауданының №2 сотының ұжымы соғыс ардагерін құттықтады

05/05/2016

Зеленов ауданының №2 соты Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесіне орай, биыл 93 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Макеевская Татьяна Ивановнамен кездесу ұйымдастырды.

Судья Е.Нұрсұлтанов аудандық сот ұжымының атынан ардагерге естелік сый-сыяпатты тарту етті.

Басып озу салдарынан жол апатын туындатқан

05/05/2016

Қаратөбе аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 б. 1 б. әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы  автокөлігімен Сулыкөл-Қаратөбе бағытында келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай,  алдында келе жатқан автокөлікті оң жағынан басып озу кезінде соқтығысып, иесіне материалдық шығын келтірілген.

Жаңақала аудандық сотында семинар сабақ өтті

05/05/2016

БҚО Жаңақала аудандық сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.

«Сот кабинеті» сервисіндегі жаңа «апостильдеу» функционалы тақырыбында семинар өтті

05/05/2016

Жаңақала аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінде жаңа «апостильдеу» функционалы тақырыбында сот мамандары арасында семинар өтті.  Жетекші маман Н.Жакупова өз сөзінде жаңа сервистің артықшылықтары туралы айтты. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтардың қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін  «Сот кабинеті» сервисінде жаңа «апостильдеу» функционалы іске қосылды.

Жүргізу куәлігінсіз масаң күйде көлік басқарған

05/05/2016

Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Қылмыстық істер сотының төрағасы «Информбиржа» газетіне сұхбат берді

05/05/2016

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасы Қайрат Шалқаров «Баршаға арналған заманауи мемлекет -100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында сот жүйесіне бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істердің өндірісі» тақырыбында «Информбиржа» газетінің тілшісіне сұхбат берді.

Балық аулау ережесін бұзғанға айыппұл қарастырылған

05/05/2016

БҚО Казталов ауданының №2 сотында балық аулау қағидаларын өрескел бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Балық аулауға тыйым салынған мерзімде, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары құқық бұзушыны Үлкен өзен өзенінде балық аулап жатырған жерінен ұстаған.

Автокөлікті мас күйде басқарудың салдары

05/05/2016

Тасқала аудандық соты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаю күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық іс қарады.

Көші-көн заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

05/05/2016

Тасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 б 2 б бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) РФ азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай,  РФ азаматы ҚР аумағына келіп,  ҚР заңнамасында көзделген 26 тәулік астам ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Соттың шешімін орындамағыны үшін айыппұл салынды

05/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты ӘҚБтК 669-бабымен, атқару парағын орындамау бойынаш Теректі ауданы Ақжайық ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, атқару парағы 2015 жылғы материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс бойынша шығарылған.

Жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген

05/05/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 596 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Құқықбұзушы автокөлікті жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабы 3 бөлігімен көзделген ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылы №1196 Қаулысымен бекітілген ҚР жол жүру Ережелерінің 9-тарау 2-тармағын бұзған.