«Сот кабинеті» сервисіндегі жаңа «апостильдеу» функционалы тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінде жаңа «апостильдеу» функционалы тақырыбында сот мамандары арасында семинар өтті.  Жетекші маман Н.Жакупова өз сөзінде жаңа сервистің артықшылықтары туралы айтты. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтардың қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін  «Сот кабинеті» сервисінде жаңа «апостильдеу» функционалы іске қосылды. «Апостильдеу» функционалы арқылы рәсімдеуге тиісті құжаттарды алу үшін азамат сотқа келмей-ақ сот актісінің көшірмесін беру туралы өтініш жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру аталған қызметтің қолжетімдігін арттыруға бағытталған. Ол үшін Жоғарғы Соттың ресми сайтына кіріп, Сот кабинетіндегі «апостильдеу» функционалын таңдау қажет.  Бұл сервис сот кабинеті қызметін қолданушыларына сот актісі көшірмесінің дубликатын алу үшін арыз жолдауға, сұратылған құжаттын электрондық нұсқасын қарауға, сұраныстың Жоғарғы сотта әрі қарай өңделу үшін оның сәйкестігін растауға, онлайн режимде мемлекеттік баж салығын төлеуге, құжаттың дайындығы туралы хабарлама алу мүмкіндік береді.

Семинар соңында қатысушылар аталған сервис жөнінде пікір алмасты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі