Архив событий

16/05/2016

Сот ЖК қатысты істі әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты

16/05/2016

Шыңғырлау аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

«Шыңғырлау аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы» РММ-сі жеке кәсіпкерге тиесілі дүкенді жоспардан тыс тексеру барысында заңнама талаптарын бұзуды болдырмау нұсқамасын орындамағанын анықтаған.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

16/05/2016

Казталов аудандық сотының судьясы А.Жамантаева «Ауыл айнасы» газеті тілшісінің қатысуымен ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді.

Берешек соманы өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/05/2016

Қаратөбе аудандық соты 500 000 теңге ақшаны өндіру туралы талап бойынша  азаматық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жауапкер жазбаша қолхат арқылы талапкерден қарызға ақша алған, алайда берешегін күні бүгінге дейін қайтармаған.

Шартты түрде мерзімінен босату

16/05/2016

Каратөбе аудандық соты Каратөбе аудандық пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің 181-бабы 2-бөлігі «а» тармағы бойынша (қорқытып алушылық) 3 жылға бос бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматқа қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы ұсынысы бойынша материал қарады.

Билік өкілін қорлау қылмыстық жазалауға әкеп соғады

16/05/2016

Қаратөбе аудандық соты Егіндкөл ауылының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 378 б. 1 б. қылмыстық теріс қылық туралы іс қарады.

Сотталушы алькогольдік масаң күйінде, қызметтік міндетін атқарып жүрген жергілікті полиция қызметкерін ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған.

«МЕДИАЦИЯ РӘСІМІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

16/05/2016

Шыңғырлау аудандық соты төрағасының жоспарына сай, «Нұр Отан» ХДП-нің мәжіліс залында медиация рәсімін түсіндіру, насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот қызметкерлері мен Шыңғырлау ауылдық округ тұрғындары қатысты.

Конкурсқа қатысуға жіберілген қызметшілердің тізімі

16/05/2016

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі  конкурсқа қатысуға жіберілген қызметшілердің тізімі:

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

16/05/2016

Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ҚК-нің 109 бабымен (ұрып-соғу) қозғалған қылмыстық ісін қарады. 

Іс бойынша жекеше айыптаушы Сайқын ауылдық округіне қарасты Сейтәлі елді мекенінің тұрғынын алкогольдік ішімдік күйінде кәмелетке толмаған ұлын ұрып соққаны үшін ҚР-ның ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Облыс соттарының қызметі бойынша тұрғындармен интернет-конференция өтеді

16/05/2016

Құрметті облыс тұрғындары!

Батыс Қазақстан облыстық соты Сізге ағымдағы жылдың 17 мамырында жұмыс күні бойы, облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру мәселелер бойынша интернет-конференциясы өтетіні туралы хабарлайды.