Архив событий

13/05/2016

Қылмыстық іс бойынша процессуалдық келісім жасалды

13/05/2016

Зеленов ауданының №2  сотында ҚР ҚК-нің 106 б. 1б.  қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сай, сотталушы мен оның  жұбайы арасында  сөзге келіспеушілік туындап, ішімдікке масайған сотталушы жәбірленушінің ішінің тұсынан пышақ сұғып алып, оның өміріне қауіпті ауыр зиян келтірілген.

Берешекті өндіру турал дау сот медияциясы тәртібімен шешілді

13/05/2016

БҚО Жаңақала аудандық соты 80 000 теңге берешекті өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Іс-материалдарынан көрінгендей, жауапкер бір жыл бұрын талапкерден қол хат арқылы 80000 теңге ақшаны алған, алайда түрлі сылтаулар айтып міндеттемесін орындамаған.

Көлік басқару құқығынан айырылды

13/05/2016

Зеленов ауданының №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 1 б. көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған Зеленов ауданы, Дариян ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. 

Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелер талқыланды

13/05/2016

Ювеналды соттардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында  Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында облыстық соттың судьясы Ғ.Қырықбаевтың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот ЖКО туралы қылмыстық істі процессуалдық келісім бойынша қарады

13/05/2016

Шыңғырлау аудандық сотында абайсызда екi адамның өлiмiне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын туындатқан Қырғызстан Республикасының азаматы Р. Низамовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысында белгілі болғаны, сотталушы Р. Низамов «Самара-Шымкент» тас жолында «Хонда» автокөлігін басқарып келе жатып, тізгінге ие бола алмай автокөлікті аударған.

Атқару құжатын орындамағыны үшін әкімшілік қамауға алынды

13/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты ӘҚБтК 669-бабымен атқару парағын орындамау бойынша аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, атқару парағы 2015 жылғы бережақты өндіру туралы азаматтық іс бойынша шығарылған.

«Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында өткен семинар

13/05/2016

БҚО Жаңақала аудандық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Судья М.Шүкіров мемлекеттік тілді дамыту жөнінде баяндама жасады. Онда мемлекеттік орган қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруін арттыру және дамыту үшін түрлі шаралар өткізу қажеттігін атап өтті.

Жеке айыптау медиация тәртібімен қысқартылды

13/05/2016

Қала тұрғыны жолдасының өзін ұрып-соққанын, осыған байланысты оны ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрап,  Бөрлі аудандық сотына жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы алкогольдік масаң күйінде, ешбір себепсіз ұдырығымен  жәбірленушінің бетінен ұрып, тән ауруын келтірген.

Сот істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен жүргізді

13/05/2016

Сырым  аудандық  соты "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің банктік берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

«Альянс Банкі» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес, 30 ай мерзімде  төлеп қайтару үшін 150 000 теңге көлемінде жауапкерге қарыз берген.

Шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

13/05/2016

Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлімімен әкімшілік іс қарады.

Өзбекстан Республикасының азаматы Т.М.Кочкаров бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлімімен әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайтадан Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманы орындамағаны үшін айыппұл салынды

13/05/2016

Шыңғырлау аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

Сотта белгілі болғанындай «Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша Шыңғырлау аудандық басқармасы» РММ-сі жеке кәсіпкерге тиесілі дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында, заңнама талаптарын бұзуды болдырмау нұсқамасын орындамаған.

Азаматтардың қолайлығы үшін ақпараттық баннер орнатылды

13/05/2016

Зелёнов аудандық  соты Перемётный ауылдық округінің әкімдігімен бірлесе отырып,  Перемётный ауылында  «Сот кабинеті» және оның мобильді нұсқасы электрондық сервисінің қызметтері туралы ақпараттық баннерін орнатты.

«Finance» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырылды

13/05/2016

Зеленов ауданының №2  соты талапкер "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің  жауапкер С-дан банктік берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

«Альянс Банкі» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес жауапкерге 04.06.2009 ж. дейін   24 ай мерзімде  төлеп қайтару үшін, 220 000 теңге көлемінде қарыз ақша берген.

Сот қызметкерлерімен семинар сабағы өтті

13/05/2016

Батыс Қазақстан облысының  мамандандырылған  ауданаралық экономикалық соты қызметкерлері арасында соттардың әкімшілік ғимараттары мен оларға тиесілі аумақта түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманы талдау туралы семинар сабағы өтті.