Архив событий

12/05/2016

ҚР-ның көші-қоны заңнамасын бұзған үшін қамауға алынды

12/05/2016

Зеленов  аудандық №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Қырғыз Республикасының азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, «Сырым» шекара бақылау бөлімшесінде Қырғызстан Республикасының

Іс оңайлатылған тәртіппен қаралды

12/05/2016

«Қазақтелеком» АҚ-ы  жеке кәсіпкерінен телекоммуникация қызметі бойынша 17 190 теңге берешекті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап арыз сот өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданды.

Сот көлік құралдары салығын өндіру туралы бұйрық шығарды

12/05/2016

Казталов аудандық соты «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің арызы бойынша борышкерден көлік құралдары салығын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, борышкерге салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарлама жолдаған болатын. Алайда, борышкер осы уақытқа дейін берешекті өтемеген.

Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

12/05/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

12/05/2016

Жәнібек аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 699-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қарады.

Құқықбұзушы Жәнібек аудандық сотының 2014 жылғы 5 ақпандағы сот актісінің талаптарын орындамаған.

РФ-ның азаматы ҚР-ның көші-қоны заңнамасын бұзған

12/05/2016

Тасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) РФ-ның азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай,  РФ азаматы ҚР аумағына келіп,  ҚР заңнамасында көзделген 9 тәулік астам ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

12/05/2016

Жәнібек аудандық соты Жәнібек ауылының тұрғынын «ВАЗ-21061»  көлігін алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ҚР ӘҚБтК 608 б. 1 б. бойынша жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.

Масаң күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылды

12/05/2016

Қаратөбе аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, құқық бұзушы ішімдік ішіп, көлік басқарып, ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген ҚР жол қозғалысы Ережесінің 2 т. 4 б. 2 т. бұзған.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

12/05/2016

БҚО-ның Жаңақала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағымен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) құқық бұзушыға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта құқық бұзушы А-ның алкогольдік масаң күйде өзінің егде жастағы анасына ұрыс шығарып, оған қатысты былапыт сөздер айтқандығы анықталды.

Қаратөбе ауданының барлық ауылдық округтерінде медиация кабинеттері ашылды

12/05/2016

БҚО Қаратөбе аудандық сотында медиация институтын дамыту бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Қаратөбе аудандық сотының бастамасымен ауданның 8 ауылдық округінің  әкімшілік ғимаратында медиация кабинеттері ашылды.

Мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеу

12/05/2016

Теректі аудандық соты маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы азаматтық істі қарады.

«Теректі аудандық орталық ауруханасы» МҚК-ны   сарапшы қорытындысына  сәйкес маскүнемдік   ауруымен  ауратын және  өз  еркімен   емделуден  бас  тартқан  азаматты мәжбүрлі     түрде  емдеуге  жіберу туралы арызымен  сотқа  жүгінген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

12/05/2016

Жәнібек аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) қоғамдық орында бола тұра өзінің ауылдасына былапыт сөздер айтқан Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот мәжілісінде құқық бұзушылық іс-әрекеттерін толығымен мойындады.

Меншікке қарсы жасаған қылмыстары үшін сотталды

12/05/2016

Орал қалалық соты мүлікке қарсы қылмыс жасаған тұлғаларды айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сай 2015 жылдың қазан – қараша айларында П.Крайнов мас күйінде тұрғын үйлердің құлыптарын бұзып кірген. Кейін үйдегі мүліктерді ұрлап, жәбірленушілерге 200 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Шартты түрде мерзімінен босату

12/05/2016

Казталов ауданының №2 соты Казталов аудандық №2-ші пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша (ұрлық) 3 жылға бос бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматқа қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы ұсынысы бойынша материал қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты іс қысқартылды

12/05/2016

Казталов ауданының №2 соты жеке кәсіркерге қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қарады.

Сот қарызды өндірді

12/05/2016

Зеленов ауданының №2 сотында 280 000 теңге қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында мәлім болғанындай жауапкер талапкерден қол хат арқылы қарызға үш айға 280 000 теңге алған.

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

12/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша (ұрлық) 2 жыл 6 айға бос бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматқа қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы ұсынысы бойынша материал қарады.