Архив событий

30/05/2016

Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау бойынша семинар сабағы өтті

30/05/2016

Қаратөбе аудандық сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Шараға кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

30/05/2016

Тасқала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына өткен «дөңгелек үстелге» аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі А.Нарымбаев,  ауданық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова,  аудандық прокуроратурасының аға прокуроры Қ.Гайсин, «Нұр Отан» партиясы аудандық фидиалы төрағасының орынбасары Д.Ғазез, аудан әкімдігінің персоналды басқару және құжаттамалық құқықтық бөлімінің басшысы Т.Бегалиева және аудандық орта  білім беру

«Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

30/05/2016

«Нұр Отан» ХДП-сы филиалының ғимараты залында аға прокуроры К.Гайсиннің, Достық, Мерей, Ақтау және Мереке ауылдық округтарының әкімдерінің,  мемлекеттік сот орындаушысы Д.Махашеваның,  аудандық сотының мамандары И.Ермакова мен М.Темиргалиеваның қатысуымен Тасқала аудандық әділет басқармасының бастамасымен «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды

30/05/2016

Шыңғырлау аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы 3 бөлімімен (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Жеке айыптау медиация тәртібімен қысқартылды

30/05/2016

Шыңғырлау ауданының тұрғыны осы ауыл тұрғынының өзіне жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын келтіргенін, сол себепті оны ҚР ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрап, Шыңғырлау аудандық сотына жүгінген.

Сот мәжілісінде сотталушы тағылған айыпты толығымен мойындап, жәбірленушімен өзара татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. 

Туберкулезбен ауыратын азамат мәжбүрлі түрде емделуге жолданды

30/05/2016

Теректі аудандық соты  туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы «Теректі аудандық орталық ауыруханасы» МҚК-ның арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес жауапкер 2013 жылдан бері «Екі өкпенің жоғарғы бөліктерінің инфильтративті туберкулезі» диагнозымен диспансерлік есепте тұр.

Жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды

30/05/2016

Теректі аудандық соты  БҚО ІІД-нің «Батыс АвиГип» ЖШС-не және азамат Н-ге медициналық анықтаманы заңсыз, жүргізуші куәлікті жарамсыз деп тану және жүргізуші куәлікті БҚО ІІД ӘПБ-на тапсыруды міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

30/05/2016

Бөкей ордасы аудандық соты аудандық пробация қызметінің тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады. 

Материал бойынша сотталушы жазаны өтеу тәртібін біле тұра, тіркелуге келмеген және тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған. Әкесі сөзі бойынша сотталушы Ресей Федерациясында тұратын отбасына кеткен.