Архив событий

25/05/2016

Зеленов аудандық №2 сотының судьясы радиодан сұхбат берді

25/05/2016

БҚО Зеленов ауданының №2 сотының судьясы Е.Нурсултанов ««Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында "Қазақстан РТРК" БҚОФ радиотолқыны эфирінен сұхбат берді.

Судья эфирде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Қазақстан халқының тарихындағы ерекше мереке екенін атап, Тәуелсіз еліміздің өткен жылдардағы жетістіктері туралы айтты.

Сот жосықсыз мердігерден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету соммасын мемлекет бюджетіне өндірді

25/05/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Орал қ. тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-ң талап арызы бойынша ЖШС-нен мемлекет пайдасына шарттың орындалуын қамтамасыз ететін 3 664 897 тенге сомманы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Медиация - әртүрлі дауларды шешудің әмбебап тәсілі

25/05/2016

Казталов аудандық соты 84 725 теңгені өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Істің мән-жайы бойынша,  талапкер жауапкерге сату үшін киім-кешектер берген. Алайда соңғы тауарды сатып, талапкерге сатылған тауардың ақшасын бермеген.

Статистикалық мәліметтердің дәйектілігі мен толыққандылығына өздігінен мониторинг жүргізу мәселелері бойынша семинар сабағы өтті

25/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің ұйымдастыруымен Статистикалық мәліметтердің дәйектілігі мен толыққандылығына өздігінен мониторинг жүргізу мәселелері аясында Комитеттің «ББСЖ ААЖ (АИС ЕУСС) меңгеру және қолдану тиімділігін арттыру жөнінде», сондай-ақ «Статистикалық есептерді қалыптастырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Өзгенің құжатын пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

25/05/2016

Тасқала аудандық соты ҚР ҚК-нің 392 б. 1 б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып қасақана заңсыз кесіп өту белгілері бойынша қылмыстық іс қарады.

Тасқала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі «Белсенді өнертапқыш» кездесуіне қатысты

25/05/2016

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындығы қарсаңында ағымдағы жылдың 24 мамыр күні  Тасқала аудандық  балалардың мектептен тыс жұмыс орталығында Тасқала колледжі студенттерінің, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» мамандары және аудандық сот кеңсе меңгерушісі Ж.Б.Утегенова, аудандық әділет басқармасының бас маман Л.Беккалиеваның қатысуымен кездесу өтті.

Ата-ана балалары үшін жауапты

25/05/2016

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК 442 б. 3 б. әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2002 жылы туылған кәмелетке толмағанның анасы  әкімшілік айыппұл салғаннан кейін, қызының  бір жылдың ішінде екі рет ата-анасыз түнгі уақытта жүруіне жол берген.

Медиация тәртібімен іс қысқартылды

25/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты Шағатай ауылының тұрғынын  ҚК-нің 188 б. 2 б. (ұрлық). айыптау туралы қылмыстық ісі қысқартылған тәртіппен қарады.

Экономикалық соттың судьясы радиодан сұхбат берді

25/05/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотының судьясы  Н. Танкиева  «Қазақстан» БҚОФ радио толқынының эфирінен «Сотқа  құрметтемеушілік  білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында сұхбат берді

Судья колледж оқушыларына дәріс оқыды

25/05/2016

Зеленов ауданының №2 сотының судьясы Е.Нурсултанов  Рубежка колледжінің оқушыларымен кездесіп, «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дәріс оқыды.

Оқушылармен кездесу

25/05/2016

Бүгін Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Қаратөбе аудандық сотының судьясы О.Миралиев «Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға тоқталды.

Сот азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады

25/05/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Сот жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды алу туралы ұйғарым шығарды

25/05/2016

Орал қаласының №2 соты жауапкердің меншік құқығындағы  жылжымайтын мүлкіне салынған тыйымды алып тастау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Соттың 13.05.2015 жылғы ұйғарымымен жауапкердің мүлкіне 63 970 теңгеге тыйым салынған.