Жүргізу куәлігінсіз масаң күйде көлік басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде, 140 АЕК мөлшерінде, яғни 296 940 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі