Зеленов ауданының №2 сотының ұжымы соғыс ардагерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 соты Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесіне орай, биыл 93 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Макеевская Татьяна Ивановнамен кездесу ұйымдастырды.

Судья Е.Нұрсұлтанов аудандық сот ұжымының атынан ардагерге естелік сый-сыяпатты тарту етті.

Мамандар ардагерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеп, оның батырлығы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Татьяна Ивановна сұрапыл соғысты үлкен толғаныспен есіне алды.

Соғыс жылдарында  ол Львов қаласында медбике болып жұмыс жасап, Ұлы Жеңіс күнін Украинада қарсы алған. Туған өлкесіне тек 1963 жылы оралған. Бірнеше жауынгерлік наградалары бар.

Ардагер сот ұжымына әскери ұрпақтың елге деген қамқорлығы үшін алғысын білдіре отырып, отанды сүюді, сонымен қатар, еліміздің өркендеуіне және бүкіл қазақ еліне бейбітшілік тіледі.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі