Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының, 4-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, «Д» қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартыла тұра, тағы да қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және имандылықты қорлайтын масаң күйде келіп айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Сот құқықбұзушыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ні 440-бабының  4-бөлігі негізінде кінәлі деп танып, 3 күн әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі