Архив событий

19/05/2016

Жалған хабарлау бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқтырды

19/05/2016

Орал қалалық соты терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады. 

Іс материалдарына сай 2016 жылдың сәуір айының ортасында Р.Хусаинов өзінің үйінде алкогольді мас күйінде бола тұра, ұялы телефонынан «102» оператор номеріне телефон шалып, Орал қ. ІІБ-нің Абай полиция бөлімшесінде жарылыс заттың қойылғаны туралы жалған хабарлаған.

67 құқықбұзушы ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапқа тартылды

19/05/2016

БҚО Зеленов ауданының №2 соты ағымдағы жылдың 4 айында «Қоғамдық тәртіпте адамгершілікке қол сұғушылық әкімшілік құқықбұзушылық» 25-тарауы бойынша  құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 67 әкімшілік іс қарады.

Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс-қағаздарын жүргізудің жаңа талаптарын оқып-үйрену бойынша семинар өтті

19/05/2016

Қаратөбе аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 5 наурызындағы өкімімен бекітілген жаңа «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өтті.

Былапыт сөйлеген үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

19/05/2016

Казталов аудынының №2 соты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, құқық бұзушы өз үйінде ұрыс шығарып, қайын атасына қарсы былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық көрсетіп тыныштығын бұзып, осы іс-әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде кайталап жасаған.

Іс оңайлатылған тәртіппен қаралды

19/05/2016

«Охрана-КМС» ЖШС-і «Fantazy Travel» ЖШС-нен берешек және өсімпұл өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Талап арызы сот өндірісіне тараптарды шақырмай, он бес жұмыс күні ішінде пікір (қарсылық), дәлелдемелер және басқа да құжаттарды беру үшін мерзім белгілеп оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданды.

Ауылдық округтердің әкімдерімен «дөнгелек үстел» өтті

19/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының төрағасы И.Ниязғалиев ауданының бес ауылдық округтерінің әкімдері және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен Ақжайық ауылының әкімшілік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде «Медиация заңының қолдану саласы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.