Есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты    ҚК-нің 296 б.  1б. (қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтынғаны үшін ) қылмыстық іс қарады.

Айыптау актісіне сай, дүкенінің қазандық бөлмесінде, қазандық операторына тиесілі, екі пластик бөтелкеден жасалған  есірткі заттарды тұтынуға арналған аппараты алынған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес оператордың «сора» есірткі затын тұтынғаны анықталған.

Сарапшының қорытындысына сай, 5 литрлік пластик шөлмектің түбінде 0,003гр кептірілген сора болған.

Сот сотталушыны  ҚК-нің 296 б. 1 б. (қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтынғаны үшін ) кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 70 сағат қоғамдық жұмыстары тағайындаған. Үкімнің орындалуы айыпталушының тұрғылықты жері бойынша  пробациялық бақылау бөліміне жүктелген.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі