Архив событий

17/05/2016

21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл салынды

17/05/2016

Жаңақала аудандық соты алкоголь өнімін өткізу жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 200-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, аудан дүкендерінің сатушысының бірі 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқан.

Сот көлік жүргізу куәлігін жарамсыз деп таныды

17/05/2016

Жаңақала аудандық сотында талапкер БҚО ІІД-ның жауапкерлер «Жаңақала аудандық орталық ауруханасы» МКК-нің азамат С-ға берген дәрігерлік анықтаманы заңсыз, көлік жүргізу куәлігін жарамсыз деп тану және оны тапсыруға міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

БҚО МАЭС-ның судьясы оңалту және банкроттық мәселелеріне қатысты көшпелі семинарға қатысты

17/05/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Сейдахметова Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 26.02.2016 жылғы № 89 қаулысымен бекітілген «Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында оңалту және банкроттық туралы заңнаманы түсіндіру бойынша ведомствоаралық көшпелі жұмыс тобының кейбір мәселелері туралы» бұйрығын іске асыру шеңберінде жүргізілген, «Оңалтудың және банкроттықтың жаңа тетіктері сондай-ақ, төлем қабілетсіздігін ретте

Ағымдағы жылдың төрт айында 16 жүргізуші есірткі немесе мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

17/05/2016

БҚО Зеленов ауданының №2 сотында ағымдағы жылдың 4 айында  «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық»  30-тарауын бұзған  жүргізушілерге қатысты 16 әкімшілік іс қаралды.

Жасөспірімнің түнгі уақытта көшеде жүргені үшін заңды өкіліне айыппұл салынды

17/05/2016

Жаңақала аудандық соты кәмелетке толмаған ұлының түнгі уақытта ата-анасының еруінсіз көшеде жүргені үшін аудан тұрғынына 31815 теңге айыппұл салды.

Іс материалдарына сәйкес, жасөспірімнің анасы ұлының түнгі сағат 23.00-ден кейін ата-анасының еруінсіз көшеде жүргені үшін, бір жыл ішінде екінші рет жауапкершілікке тартылған

Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

17/05/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Сот істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады

17/05/2016

Зеленов ауданының №2 соты «Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-нің жауапкерден берешекті өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

«TEXAKABANK»» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес, 24  ай мерзімде  төлеп қайтару үшін 70 000 теңге көлемінде жауапкерге қарыз берген.