Балық аулау ережесін бұзғанға айыппұл қарастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Казталов ауданының №2 сотында балық аулау қағидаларын өрескел бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Балық аулауға тыйым салынған мерзімде, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары құқық бұзушыны Үлкен өзен өзенінде балық аулап жатырған жерінен ұстаған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, сол күні құрма ауын құрып, балық ауламақшы болғанын, алайда инспекторларға  ұсталғанын айтып көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы  ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралы тәркілене отырып 20 есептік көрсеткіш мөлшерінде салынатын  42420 теңге айппұл салынды.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі