Фотолар
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов өңірдің судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерін Жаңа жылдарымен құттықтады
Келе жатқан 2019 жылды мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста құттықтау сөзін арнай отырып, облыстық сот төрағасы облыс соттары аяқталғалы отырған жыл біздер үшін жемісті болғанын, сот жүйесінде, әсіресе қоғамның заманауи даму бағыттарына негізделген көптеген өзгерістер болса да жалпы облыс соттары жылды жақсы көрсеткішпен қорытындылап отыр, -деп атап өтті. Әрине, бұл біздің облысымызда жоғары кәсіби білікті Фемида өкілдерінің бар екендігін тағы да дәлелдейді.