Жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 596 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Құқықбұзушы автокөлікті жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабы 3 бөлігімен көзделген ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылы №1196 Қаулысымен бекітілген ҚР жол жүру Ережелерінің 9-тарау 2-тармағын бұзған.

Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тйыйм салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабы 3 бөлігіне сай бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жылға айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: