Архив событий

04/05/2016

Сот дәрігерлік анықтаманы заңсыз, көлік жүргізу куәлігін жарамсыз деп таныды

04/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында талапкер БҚО ІІД-ның жауапкерлер «БатысАвиГип» ЖШС, азамат Е-ге берген дәрігерлік анықтаманы заңсыз, көлік жүргізу куәлігін жарамсыз деп тану және оны тапсыруға міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/05/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 611 б. 2 б. құқық бұзушыға қатысты (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) жинақталған әкімшілік іс қарады.

Есірткіге масайған автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасын туындатты

04/05/2016

Орал қ. мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Сотта белгілі болғанындай маршруттық автобустың жүргізушісі есірткілік масаң күйде көлік басқарып, арақашықтықты сақтамай, алда келе жатқан маршруттық автобусқа соқтығысқан.

Сот орындаушының қаулысына санкция берілді

04/05/2016
Теректі аудандық №2-ші соты Теректі аудандық сот орындаушысының борышкерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға уақытша шектеу салу туралы қаулысын қарады.
Атқарушылық материалының құжаттарына сай, борышкер Мухамбетовтан бережақ ақшаны өндіру туралы  2012 жылы қаралған азаматтық іс бойынша қаулы шығарылып, борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілген.

Ішкі істер органдарының заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

04/05/2016

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 613 б. 1 б. әкімшілік ісін қарады.

Сотта белгілі болғандай, құқық бұзушы масаң күйінде көлік басқара отырып, полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот прокурордың талап арызын қанағаттандырды

04/05/2016

Орал қаласының прокуроры мемлекет мүддесін қорғау мақсатында «БҚО Әділет департаменті» ММ-і, «К» ЖШС-і даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Орал қаласының мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-нің «К» ЖШС-і заңды тұлғасының мемлекеттік тіркеуін жою бойынша сотқа талап арыз берген.