Жаңақала аудандық сотында семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Жаңақала аудандық сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы А.Х.Ғапуов сөз алып, семинарға қатысушыларға  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы өкімімен бекітілген «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» нұсқаулық жөнінде айтып өтті. Аталған құсқаулыққа сәйкес, оның ережелері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылады. Әрі қарай сот төрағасы берілетін өтініштерге қойылатын талаптарды және оларды берудің нысанын, өтініштерді тіркеуді, беру және өтінішті қарау мерзімдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.          

Семинар соңында сот төрағасы А.Х.Ғапуов сот мамандарына аталған нұсқаулықтың талаптарын бұлжытпай сақтауға шақырды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі