Архив событий

03/05/2016

Жасөспірімдер сотының төрайымы ҰОС ардагерін құттықтады

03/05/2016

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Ф.Ғ.Құрманова Ұлы Отан соғысының  ардагерін Отан қорғаушылар және Жеңіс күнінің 71-жылдығымен   құттықтады.

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының тумасы,  1925  жылы дүниеге келген Зинен Кадыров 1942 жылы майданға аттанған.

Отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық танытқан

03/05/2016

Теректі аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен жинақталған әкімшілік істі қарады.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған. 

Сот бюджеттік несиені өндірді

03/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты талапкер «Теректі ауданының экономика және қаржылау бөлімі» ММ-нің Ақжайық ауылының тұрғынынан бюджеттік несиені өндіріп алу туралы талап арыз бойынша іс қарады.

Автокөлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

03/05/2016

БҚО Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаю күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық іс қарады.

Жол-көлік оқиғасы

03/05/2016

Орал қ. мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Масаң күйде жасалған ЖКО үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

03/05/2016

Орал қ. мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқара отырып, көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 3 б. сай көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.

Қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындалды

03/05/2016

Қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйде жүрген үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте, құрамында спирт бар алкогольдік ішімдікті қонақта, мейрамхана және т. б. жерде қолданған маңызды емес.

Бір күнде ұсақ бұзақылық жасаған 16 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылдыь

03/05/2016

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бір күнде, 29.04.2016 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. 1 б. көзделген, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластап, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты 16 әкімшілік іс қарады.

Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен автокөлік басқарған

03/05/2016

Жаңақала аудандық соты ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы ағымдағы жылдың сәуір айында  Жаңақала ауылында есепке тіркелмеген автокөлігін көрiнеу жалған мемлекеттік нөмірін тағып басқарған.

Сот жер салығынан өндіру туралы бұйрық шығарды

03/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының арызы бойынша борышкерден жер салығынан өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша, борышкерге салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарлама жолдаған болатын. Алайда осы уақытқа дейін берешек жойылмаған.

Учаскелік полиция қызметкерлерімен семинар өтті

03/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының судьясы Е.Усманов Ақжайық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері арасында «Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Сот актісін орындамағанға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

03/05/2016

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 699 б. бойынша әкімшілік іс қаралды.

ЖШС-і Батыс Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық сотының сот актісін орындамаған.

Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/05/2016

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 200 б. 1 б. әкімшілік ісін қаралды.

Сотта белгілі болғандай, жеке кәсіпкер жасы жиырма бірге толмаған тұлғаға алкоголь өнімі сатып,ҚР  ӘҚБтК-нің 200 б. 1 б. талаптарын бұзған.