Архив событий

31/05/2016

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

31/05/2016

Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ҚК-нің 108 бабымен (жеңіл дене жарақатын келтіру) қозғалған қылмыстық ісін қарады. 

Іс бойынша жекеше айыптаушы жұбайы  мен оның туысқандары оны ұрып, дене жарақатын салғаны туралы сотқа шағымданып, оларды ҚР ҚК-нің 108 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен семинар өтті

31/05/2016

Сырым аудандық сотында «Жергілікті соттар ғимаратына өткізу және ішкі объектілік тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Аталған шараға  сот мамандары және сот ғимаратындағы күзет қызметімен айналысатын тұрақты қызметкерлер қатысты.

Моральдық шығынды өндіру туралы дау медиация тәсілімен шешілді

31/05/2016

Орал   қаласының №2  сотына моральдық  шығын  өндіруді сұраған талап арыз түсіп, онда Атырау- Орал  тас жолында  «Лексус–570 LX» автокөлігінің жүргізушісі үлкен  жылдамдықпен жүйткіп отырып, жолдан өтіп бара жатқан  сиырды  қағып  кеткені көрсетілген.

Сот Ресей Федерациясының жасы кәмелетке толмаған азаматшасына қатысты әкімшілік істі қарады

31/05/2016

Шыңғырлау аудандық соты Ресей Федерациясының жасы кәмелетке толмаған азаматшасына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

«Шыңғырлау» бекетінде шекара бақылау жүргізу барысында «Орал-Ақтөбе» бағытындағы жолаушы поезында мерзімі өткен көші-қон картасымен жүрген Ресей Федерациясының 2000 жылы туған азаматшасы анықталған.