Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

 

 

 

 

                                                                                                                                            

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз

ету департаменті (Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

 
 

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі туралы

Ереже

1. Жалпы ереже

1. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі (бұдан әрі – ІҚБ), облыстардағы аумақтық бөлімшелерге (соттар әкімшілеріне) сәйкес келетін,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің   (бұдан әрі – Департамент) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент ІҚБ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, осы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

3. ІҚБ құрылымын және штаттық санын заңнамамен белгіленген тәртіпте Департамент Басшысы бекітеді.

4. Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аумақтық бөлімшелері Департаменттің ІҚБ-на тікелей бағынысты дербес қызметі ретінде соттар әкімшілерінің құрылымына жатады. 

5. Өз қызметін ІҚБ заңдылық, құпиялылық, есептілік және тікелей бағыныстылық принциптерінде, белгіленген тәртіпте Департаменттің, жергілікті соттардың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

6. Бөлім мынадай бөлімшелерден тұрады:

 Мемлекеттік құпияларды қорғау секторы;

 Сот приставтары секторы;

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жұмысын ұйымдастыру секторы.

 

2. ІҚБ негізгі қызметтері, функциялары, құқықтары және міндеттері

7. ІҚБ-ның судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті.

Функциялары:

         1) мониторинг, талдау, бағалау және болуы мүмкін қауіптерді болжау негізінде ішкі қауіпсіздік саласында айқындалған, басымдықтарды өз құзіретінің шегінде қамтамасыз ету;

2) қызметкерлердің өмірі мен денсаулықтарының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша соттар ғимараттарының жүйесіне, сондай-ақ сот  ғимараттарында күзет дабылының, бақылау-рұқсат беру жүйесінің бар болуына және жұмыс істеуіне, күзет объектілерінің арнайы құрылғыларымен, байланыс құралдарымен, мүліктермен жасақталуын бақылау;

3) судьялардың және сот қызметкерлерінің, олардың отбасыларының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын, бостандықтарын және абыройын сақтау бойынша ұйымдастыру және функционалдық шараларын әзірлеу және іске асыру;

4) сыбайлас жемқорлық бағытындағы фактілер туралы, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік қаупін тудыратын оқиғалар және адамдар туралы ақпараттардың қорытуларын және талдауын жинауды жүзеге асыру;

5) сот жүйесі қызметкерлеріне қатысты, сондай-ақ судьяларға, сот қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі сүйемелдеу;

6) аумақтық бөлімшелермен, сондай-ақ құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты негізде қажетті ақпаратпен алмасуды (ашық және жасырын)  жүзеге асыру;

7) құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, соттарға қылмыстық құрылымдардың өкілдері мен заңға қайшы мақсаттарды қудалаушы адамдардың өтулеріне жол бермеу бойынша іс-шараларын өткізу;

8) Жоғарғы Сотта және жергілікті соттарда судьяларды және сот процесінің басқа қатысушыларын қорғау бойынша сот приставтарының жұмыстарын ұйымдастыру;

9) облыстық және оларға теңестірілген соттарда сот приставтарының қызметтеріне жетекшілік етуді жүзеге асыру;

10) жергілікті соттардағы ішкі қауіпсіздік құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру және бақылау;

11) ішкі қауіпсіздіктің тиімділігін арттыру және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.

 

8. Соттарда сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу және жолын кесу.

         Функциялары:

         1) сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын, облыстық және оларға теңестірілген соттар қызметкерлерінің қызметтерін үйлестіру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

         2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік және ведомстволық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

3) ІҚБ құзіретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың қабылдауларын жүзеге асыру;

4) «сенім телефоны» бойынша шағымдарды қабылдауын жүзеге асыру;

 5) судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлер жол берген сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілері бойынша,  өткізілетін қызметтік тексерістің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін кадр қызметі және басқа құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерін тарта отырып, қызметтік тексеріс өткізу;

         6) азаматтардың, заңды тұлғалардың шағымдарында жазылған судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын көрсететін фактілерді, баспасөз құралдарындағы  жарияланымдарды тексеру, олардың уақтылы қабылдануларын, тіркелулерін және қаралуын қамтамасыз ету;

         7) сот жүйесіндегі тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жай-күйінің талдауы, судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлер ықпал ететін қылмыстар мен құқық бұзушылықтар себептерін және шарттарын анықтау, оларды шеттету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;

8) алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында басылуымен, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлықпен күрестің жай-күйі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;

9) сот органдарының кадрлық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, соттардың кадрлық құрамын сапалы іріктеу және қалыптастыру мәселелері бойынша тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету;

10) судья лауазымдарына кандидаттардың сыбайлас жемқорлық және өзге де бұзушылықтар жасауына, беделіне нұқсан келетін материалдардың болуына тексерістер өткізуді жүзеге асыру;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау органдарымен, оның ішінде ІҚБ үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында, өзара іс-қимыл жасасу;

12) судьялар мен соттар қызметкерлері жасаған құқық бұзушылық туралы ақпараттарды бірыңғай есепке алуын жүргізу;

13) Жоғарғы Соттың Төрағасына судьялар, сот жүйесінің қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтары, олардың құқыққа қарсы және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысулары туралы ақпаратты ұсыну;

14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі шетелдік және отандық озық тәжірибені енгізу, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал етуші себептерді және жағдайларды анықтаудың тиімді нысандары мен әдістерін әзірлеу;  

         15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтауын бақылау;

16) судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлердің құқыққа қарсы және өзге де заңмен тыйым салынған әрекеттерге қатысуының жолын кесу;

 

9.  Құпия мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік немесе қызметтік құпиядан тұратын ақпараттардың тарап кету, берілу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша міндеттері.

Функциялары:

         1) мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі заңнамалар нормаларына сәйкес, Жоғарғы Сотта, әрі жергілікті соттарда құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету;

         2) соттың ақпараттық жүйесіне тарап кету қауіптерінен қазіргі заманғы техникалық қорғау құралдарын енгізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

         3) Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың ғимараттарына өтуге және объектілік режимді қамтамасыз етуге, ғимаратты күзетуге, судьяларды және сот процестік  қатысушыларына бақылауды жүзеге асыру.

 

10. ІҚБ қызметкерлері:

         1) сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша қаралатын материалдар бойынша сот жүйесі қызметкерлерін шақыртуға, олардан жазбаша түсініктеме алуға, кедергісіз мәліметтер, құжаттар не олардың көшірмелерін алуға, Жоғарғы Сот басшылығының келісімімен міндетті орындау үшін тапсырмалар беруге;

         2) Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасы немесе рұқсаты бойынша қызметтік тексеріс шеңберінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, судьялардың келісімен олардан сауалнама алуды өткізу;

         3) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты ескерту мәселелері бойынша жергілікті жерлерге шыға отырып, соттарға практикалық көмек көрсету;

         4) аумақтық ІҚБ бөлімшелерінің басшыларын және қызметкерлерін іріктеуді жүзеге асыру; 

         5) қызметтік мақсаттарда режимдік үй-жайларды қоспағанда, сот жүйесінің және оларға ведомстволық бағынысты ғимараттарына және үй-жайларына, мекемелері мен бөлімшелеріне тәуліктің кез келген уақытында қызметтік куәлікті ұсына отырып, кедергісіз кіруге немесе тиісті аумақтарға қызметтік (жеке) автокөлікпен баруға. Басшылардан және қызметкерлерден ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өткізу кезінде ІҚБ қызметкерлеріне барынша көмек көрсетулерін талап етуге;

6) сот жүйесі қызметкеріне және оның отбасы мүшелеріне қатысты судьялардың, сот жүйесі қызметкерлерінің, не өзге адамдардың жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауға;

7) Жоғарғы Соттың құрылымдық бөлімшелерінен өзіндік қауіпіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті анықтамалық және өзге де материалдарды алуға және сұрауға;

8) басшылықтың тапсырмасы бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметінің мәселелеріне қатысты кешенді, бақылау және тақырыптық тексерістерге қатысуға құқылы.

 

11. ІҚБ қызметкерлері:

1) судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті үйлестіруге;

2) өз міндеттері мен функцияларын іске асыруда Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын мүлтіксіз сақтауға;

3) өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және өзіндік қауіпсіздік мәселелері бойынша басқа құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге міндетті.

3. ІҚБ қызметін ұйымдастыру:

         12. Заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ІҚБ, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіліктерге ие.

13. ІҚБ қызметінің басқаруын Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының тәртібінде лауазымға тағайындалған және босатылған бөлім меңгерушісі жүзеге асырады және ол ІҚБ-ға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес  жауап береді.

14. ІҚБ меңгерушісі жоқ кезде бөлімнің қызметін жалпы басқаруы бөлім меңгерушісінің орынбасарына жүктеледі.

15. Бөлімнің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі талдау және өзге де ақпараттар есебінен Жоғарғы Соттың басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес жоспарлы негізде құрылады.

16. Жоғарғы Соттың ІҚБ меңгерушісі  ІҚБ аумақтық бөлімшелерінің орынбасарлары мен қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілейді, олардың лауазымдық нұсқаулықтарын анықтайды.

17. ІҚБ-дан бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне және Соттар әкімшілеріне жіберілетін құжаттарға  ІҚБ меңгерушісі, ол жоқ кезде орынбасары қол қояды.

18. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары ІҚБ-ның беделін қолдауға және нығайтуға ықпал етуге,  ІҚБ қызметкерлеріне ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтауда барынша көмектесуге міндетті.

         19. Соттар әкімшілері (оның ішінде бөлім басшылары) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері ішкі қауіпсіздік қызметкерлерінің жазбаша талаптары бойынша олардың құзіреттеріндегі ақпараттар мен құжаттамаларды беруге, сондай-ақ ұсынылған құжаттар бойынша түсініктер беруге міндетті.

20. Кадр бөлімшелерінің басшылары ІҚБ-ға алдын ала  судья лауазымына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер лауазымына үміткерлердің тізімін осы лауазымдарға қабылдау үшін кедергі келтіретін мәліметтермен уақтылы танысу және оларды алу үшін беруге міндетті. Кадр бөлімшелері сот приставтарын тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату мәселелерін міндетті түрде ІІО басшыларымен келіседі.   

21. Ішкі қауіпсіздік қызметкерлерінің қызметтеріне кедергі келтірген жағдайларда, ал нақты айтқанда  қажетті құжаттарды және ақпараттарды бермеу, түсініктеме беруде адалдық танытпау, ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне келмеу, оларға алғашқы кезектегі іс-шараларды өткізуге көмектеспеу фактілері Жоғарғы Сот және Департамент басшысының нұсқауларын орындамағаны болып бағаланады.

22. Әкімшілік соттардағы ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері Жоғарғы Соттың  ІҚБ-на тікелей бағынысты және есеп береді және өз қызметін соттардың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда жүзеге асырады.

23. Әкімшілік соттардағы аумақтық  ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері Әкімшілік соттарда Жоғарғы Сот ІҚБ бөлім меңгерушісінің келісімі бойынша лауазымға тағайындалады.

24. Әкімшілік соттарындағы ІҚБ қызметкерлеріне жұмыстан босату және тәртіптік жазалауға тарту мәселелерін міндетті түрде Жоғарғы Соттың ІҚБ меңгерушісімен Жоғарғы Соттың ІҚБ-на материалдар көшірмелерін жіберу арқылы келісілуі тиіс.

25. Ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің құрамына енетін қызметкерлер, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқыту және біліктілкті арттыру курстарынан өтеді.

26. Осы ережемен көзделмеген функцияларды бөлім қызметкерлеріне жүктеуге жол берілмейді.