Автокөлікті мас күйде басқарудың салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаю күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, Тасқала ауылының тұрғыны бұрын Тасқала аудандық сотының қаулысымен автокөлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған. Ағымдағы жылдың наурыз айында көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан тағы да мас күйде автокөлік басқарып, қарсы жол алабына шығып  басқа автокөлікке соғылып, салдарынан,  жолаушылар және жүргізуші дене жарақаттарын алып, материалдық залал келтірілген.

Сот мәжілісінде сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін білдірді.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 300 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі