Архив событий

20/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында "Еңбек даулары бойынша азаматтық істерді қарастыру кезінде туындайтын түйіткілді мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдар кәсіподақ органдарының, БҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, облыстық прокуратура, БҚО еңбек инспекциясы өкілдерінің, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен "Еңбек даулары бойынша азаматтық істерді қарастыру кезінде туындайтын түйіткілді мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ресей Федерациясының азаматы қазақстандық шекарадан заңсыз өткен

20/05/2016

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК 392 б. 1б. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша Ресей Федерациясының азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.

Әкімшілік іс қысқартылды

20/05/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ӘҚБК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік хаттамаға сай, құқық бұзушы Жаңақала аудандық АІІБ-нің 10605 теңге айыппұл салу туралы қаулыны орындамған.

Жаңақала аудандық соты жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәрігердің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы туралы қылмыстық іс бойынша үкім жариялады

20/05/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 317 бабының 3 бөлігімен (абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиiсiнше орындамауы, сол сияқты медициналық көмек көрсету тәртібін немесе стандарттарын сақтамауы) айыптау туралы қылмыстық іс бойынша үкім жариялады.

ҚазИИТУ және БҚО бойынша соттар Әкімшісі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою аясында «Дөңгелек үстел» өтті

20/05/2016

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен Батыс-Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға арналған дөңгелек үстел КазИИТУ қабырғасында «Сот жүйесі және білім арасында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері " тақырыбында өтті.