МКБК арқылы сотқа қатысудың тәртібі қандай?

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

ОНЛАЙН СОТ ОТЫРЫСЫ

НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?

 

Құрметті қатысушы, біз онлайн-отырыстардың сапалы өтуі үшін барлық жағдайды жасаудамыз.

Соттардағы IT-сервистер қалыпты жұмыс істеуде.

Бірақ, Сіздің интернетіңіз бен техникаңыздың (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон, құлаққап, микрофон) дұрыс жұмысы өзіңізге байланысты.

Егер онлайн сот отырысы жақсы көрінсін, естілсін десеңіз, онда Сізге ӨТІНІШ:

  1. Құрылғыңызды дайындап, қуаттап қойыңыз
  2. Жылдам Интернет (4G, Wi-Fi) аймағында болыңыз (интернет жылдамдығын өлшеу - https://www.speedtest.net/ru);
  3. Жарық бөлмені таңдаңыз (кинотеатр, сауда орталығыкөлік, т.б. емес)
  4. Шулы кедергілерді алып тастаңыз (тұрмыстық техника, ашық терезе)
  5. Отбасыңыз бен өзге кісілерден алаңдатпауды сұраңыз
  6. Өзіңіз де бөтен нәрселерге алаңдамаңыз
  7. Анық сөйлеп, басқаның сөзін бөлмеңіз
  8. Сөйлемесеңіз микрофонды өшіріңіз
  9. Киім, жүріс-тұрыс, риторика этикетін сақтаңыз

Осы кеңестерді орындасаңыз, Сіз онлайн-отырысты сапалы әрі жылдамырақ өткізуге көмектесесіз.

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
Image icon photo_2020-04-28_23-20-44_kaz.jpg11.04.2022 11:40:46zko-manager347.92 KB