Архив событий

24/05/2016

Сот шетелдікті заңсыз иемденген пәтерден шығарды

24/05/2016

Орал  қаласының  №2  сотына        Түркия  азаматын 3 бөлмелі пәтерден  шығару  туралы талап арыз түсті.

Жауапкер пәтерді өз қаражатына  сатып  алдым  деген  уәжбен тұрғын үйді босатпай қойған.  Себебі, ол  шетел  мемлекетінің азаматы  болуына  байланысты   мүлікті  өз  атына  ресімдей  алмай,  серіктесінің атына  ресімдеген.

Талап ішінара қанағаттандырылды

24/05/2016

Орал    қаласының   № 2  соты  «Орал  қаласы  бойынша   мемлекеттік  кірістер  басқармасы» ММ-сің  жауапкердің жеке  шотын   тексеру  кезінде,  түскен  табыстан  табыс   салығы  төленбегенін  анықтауына байланысты  жауапкерден   жеке  табыс  салығы  бойынша   берешек сома  өндіру  туралы  арызын   қарады. Мәлім болғанындай, жауапкердің салық бойынша қарызы 2011 жылы Орал қаласында орналасқан пәтерін сатуынан жинақталған.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы

24/05/2016

Теректі аудандық соты ҚР ҚК-нің 345 б. 4 б. яғни, автомобильдi, басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан белгілері бойынша қылмыстық іс қарады.

Жол-көлік оқиғасы үшін әкімшілік айыппұл салынды

24/05/2016

Шыңғырлау аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

Сотта белгілі болғаны, құқықбұзушы басты жолда қозғалып келе жатқан «Ваз» автокөлігіне жол бермей, түйісуге жол берген.

Аудандық сотта семинар-кеңес өтті

24/05/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында сот қызметкерлері арасында соттардың әкімшілік ғимараттар мен оларға тиесілі аумақта түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманы талдау туралы семинар-кеңесі өтті.

Аудандық сотта семинар өтеді

24/05/2016

Ақжайық аудандық соты, сот ғимаратында 2016 ж. 27 мамырда сағат 11.00 –де «Медиация- дау (дау-шарды) реттеу тәсілі» тақырыбында семинар өткізетіндігін хабарлайды

Жекеше айыптау істері медиациямен қысқартылды

24/05/2016

Ақжайық  аудандық соты ҚР ҚК-нің 109 бабы (Тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерiн жасау) бойынша қозғалған 2 қылмыстық істі қарады. 

Іс бойынша жекеше айыптаушылар  Чапаев ауылының  тұрғындарын ұрып соққандары үшін ҚР-ның ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

БҚО-ның ҚІжМАС мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен «дөңгелек үстел» өткізді

24/05/2016

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  жеке сот орындаушыларының өңірлік палатаның басшының орынбасары К.А.Аралбекованың және Әділет Департаментінің  өкілдері А.М.Исмагулова, М.Н.Ильясовтың қатысуымен «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесінде атқару парақтарын электрондық құжат нысанында жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот арыз берушінің еңбек жылдарын анықтап, құқығын қорғады

24/05/2016

Орал қаласының №2 соты еңбек өтілі фактісін анықтау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Арыз   беруші    «МЗБО »  БҚО  филиалына жүгініп,  1992 жылдың 9  желтоқсанынан  1993 жылдың  12  мамыр  аралығында  «Казахгаз»