Облыстық сотта азаматтық-құқықтық тақырыпта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Ә. Бегалиевтің төрағалығымен азаматтық-құқықтық тақырыпта семинар өтті.

Семинардың жұмысына облыстық, қалалық, аудандық соттардың судьялары қатысты.

Семинар барысында «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысы талқыланып, осы тақырыппен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Л.У. Ұстағалиева баяндама жасады.

«Жер дауларына байланысты істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында облыстық соттың судьясы Е.Н.Боранбаев баяндады.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі