Архив событий

29/12/2014

АІІБ қоршауына соқтығысып, айыппұл төледі

29/12/2014

Құқықбұзушы М.Медетов «Лада-21074» автокөлігімен Тасқала ауылында АІІБ ғимаратының  қасында рөлге ие бола алмай, аудандық полиция бөлімінің қоршауына соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан  аудандық ішкі істер бөліміне материалдық шығын келтірілген.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен  М.А. Медетов ҚР ӘҚБтК 468 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  әкімшілік жаза ретінде 18 520 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, әкімшілік қамауға алынды

29/12/2014

Құқықбұзушы Ж. Марксов Тасқала ауданының Ақтау  ауылында аталған ауылдың тұрғынын еш себепсіз балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзыған және ұсақ бұзықылық жасаған.

Тасқала аудандық сотының  қаулысымен Ж.Марксов ҚР ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік қамауға алынды.