Архив событий

04/12/2014

Жалған нөмір үшін жауапталды

04/12/2014

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жалған нөмірмен автокөлік жүргізген Е.Д.Есендияровты жаупкершілікке тартты.

Жол-көлік патруль қызметкерлері аталған көліктің құжаттарын тексеру барысында,  мемлекеттік тіркеу нөмерінің  сериясы 001 ААА 01 бойынша басқа адамның атына басқа көлік тіркелгенін анықтаған.

Бөрлі аудандық сотында өткен семинар

04/12/2014

 

Бөрлі аудандық соты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне одан әрі сот төрелігін атқаруын оңайлату мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы, бюрократиялық рәсімдерін төмендету,  соның ішінде азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша  семинар өткізді.

Сот медиациясын енгізу жобасы қарқын алуда

04/12/2014

 

Орал қаласының №2 сотында сот медиациясы пилоттық жобасы кеңінен сот өндірісіне енгізілуде. Аталған пилоттық жоба қарыз соммасын өндіру, шығын орнын толтыру, жұмыс орнында қайта орналастыру  сында түрлі дауларда қолданылуда. Мысалы, ағымдағы апта ішінде 11 азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы дау сот медиациясы тәртібімен реттеліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Мерзімі ұзартылды

04/12/2014

 

Орал қаласының №2 сотында талапкер А.Даукариевтің Орал қ. әкіміне мұрагерлікті қабылдау уақытын ұзарту туралы талап арызы қаралды.

Талапкер жұбайының 2007 жылы қайтыс болғанын және 2014 жылы мұрагерлікке құқық  куәлігін беру туралы нотариусқа жүгінгенін көрсетіп, Орал қ. Әкімінен мұрагерлікті қабылдау уақытын ұзарту туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Алайда, нотариус мұрагерлікті қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты нотариалдық әрекеттер жасаудан бас тартқан,

Іс медиация тәртібімен аяқталды

04/12/2014

 

Казталов ауданының №2  соты  талапкер Е.Оразаевтың жауапкер Р.Сахиповадан 330000 теңге өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың тауласуларына байланысты, істі медиация тәртібімен реттеу туралы өтініштеріне байланысты, іс  өндірістен қысқартылды.

Істі сотта қарауға әзірлеу барысында талап қоюшы Е.Оразаев дауды  медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағанын айтып, медиация туралы шарты сотпен бекітуді сұрады.