Архив событий

08/12/2014

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс

08/12/2014

 

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» ММ, 090006, Орал қаласы Достық даңғылы, 204 үй, анықтама үшін телефон         8 (7112) 554762, факс 554764, электронды мекенжайы: L-2-1@la.sud.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.    

Талап арыз қанағаттандырылды

08/12/2014

 

Орал қаласының №2 сотында талапкер К. Даулетовтың «Квант» ЖШС-нен себепсіз жұмыстан қалған үшін жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған күндері үшін жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде жұмыстан қалған күндеріне жалақыны өндіру туралы арызды қанағаттандырды.

Дөнгелек үстел өтті

08/12/2014

 

Зеленов аудандық №2 сотының ұйымдастыруымен ҚР ҰҚК ШҚ 2029 "Сырым" әскери бөлімінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының жаңа және қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Зеленов аудандық №2 сотының кеңсе менгерушісі А.Гильманов, ҚР ҰҚК ШҚ 2029 "Сырым" әскери бөлімінің бастығы Р.М.Зарипов, бастығының орынбасары А.С.Митанов және ҚР ҰҚК ШҚ 2029 "Сырым" әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Хакалоның ісі бойынша сот үкімі

08/12/2014

 

Орал қалалық соты  алаяқтық жасады деп айыпталған А.Хакалоға қатысты сот үкімін жариялады.

Іс материалдарынан анық болғандай,  халықаралық  «USAID» ұйымының бөлімшесі болып табылатын «Прагма» халықаралық корпорациясында кеңесші қызметінен тәжірибесі бар «Акелла» ЖШС директоры А.Хакало аса ірі мөлшерде қаржы жымқырудың қылмыстық механизмін құрған.