Архив событий

15/12/2014

Қылмыстық істің үкімі

15/12/2014

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 96 бабы 1 бөлігімен сотқа берілген В.В.Шуреновке қатысты үкім жариялады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара

15/12/2014

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараны алғы сөзбен ашқан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Тәуелсіздік күні жаңарған Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі екендігін атады. Ол күн өзімен бірге жаңа егемен, тәуелсіз Қазақстан Республикасын өмірге әкелді.

Студентке күш көрсеткен

15/12/2014

 

Таскала ауданының Тасқала ауылында Е.Иденов күш көрсету арқылы жергілікті колледж студентінің 2000 теңгесін тартып алған.

Тасқала аудандық сотының үкімімен Е.Иденов ҚР ҚК-нің 181 бабы 2 бөлігінің «а» тармағы бойынша айыпты ден танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Тараптар мәмілеге келді

15/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында  175 бабы  2-бөлімінің «в»  тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен Алиев, ҚР ҚК 67 б. 2б. негізінде  ҚР ҚК 175б. 2б. «в» т. бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

 Сотталушы Алиев бөтен жайға кіріп, сол жерден етікті қолды қылып, жәбірленушіге 20 000 теңге материалдық шығын келтіргені үшін айыпталған.

Қарызды өтеу парыз

15/12/2014

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған Виктор Грункийге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот мәжілісінде соттың шешіміне сәйкес, В.А.Грунский жәбірленушінің пайдасына 26 миллион 500 мың теңге қарызын төлеуге міндеттелгені анықталды.

Экономикалық сотта семинар сабағы өтті

15/12/2014

 

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыпта семинар сабағы өтті.

Шараға сот кеңсесінің мамандары мен сот отырысы мәжілісінің хатшылары қатысты.