Архив событий

11/12/2014

Құқықбұзушы 20 тәулікке қамалды

11/12/2014

 

Казталов ауданының №2 сотында  Ж.-ға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша Ж. масаю күйінде автокөлік жүргізгені үшін, жол полициясының қызметкерлеріне ұсталған. Сонымен бірге, оның көлік жүргізу құқығын растайтын құжаты болмай шыққан.                                                                                        

Медиация тәртібімен татуласты

11/12/2014

 

Сотталушы К.Чупиков Тасқала ауылылындағы дүкенінде болып, сатушының үстел үстінде жатқан ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен татуласып, келісімге келгендерін, істі медиация заңнамасына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған  «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынды.           

Сотталушы К.Н.Чупиков өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық келісімі негізінде мәмілеге келгендерін айтып, істі қысқартуды сұраған.

Тараптар татуласты

11/12/2014

 

Орал қалалық сотында кәсіби медиатордың қатысуымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Сергей Шлапо қараша айының басында ашық түрде жәбірленушінің ақша, ұялы телефон, банкомат карточкасы салынған сөмкесін ұрлап алған. Келтірілген шығынның жалпы соммасы 130 мың теңгені құраған.

Сот отырыс барысында тараптар медиация тәртібімен сотталушыға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш білдірді. Сонымен қатар, жәбірленушіге материалдық шығын толықтай қайтарылғандығы анықталды.

Алаяқтық ісінің үкімі жарияланды

11/12/2014

 

Орал қалалық соты алаяқтық жасады деп айыпталған Киреев пен Графинге қатысты қылмыстық істің үкімін жариялады.

М.Киреев бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеу кезінде бостандықта жүрген А. Гафинмен бірлесіп,  алаяқтық әрекеттерін жасаған.

Киреев бас бостандығын айыру мекемесінен ұялы телефон арқылы жәбірленушілердің үй телефондарына хабарласып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілердің жақын туыстарының  (балалары, ағасы) қылмыс жасағаны үшін ұсталғаны туралы жалған хабарлаған.

Жалған кәсіпкерлік туралы істің үкімі жария болды

11/12/2014

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жалған кәсіпкерлікпен айналысқан деп айыпталған Анатолий Куприй мен Эльдар Вагаповқа қатысты істің үкімін жариялады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Куприй мен Вагапов қызметінің салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтірілген, бірқатар жалған кәсіпорындарды құрғандары және ұйымдастырғандары үшін айыпталған. Вагапов қылмыс жасаған кезде қаржы полициясының қызметкері лауазымын атқарған.