Архив событий

30/12/2014

БҚО МАЭС судьялары «Мейірім» сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар мен ойыншықтар тарту етті

30/12/2014

Жаңа жыл қарсаңында БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы И.М.Сматов сонымен қатар, соттың судьялары Л.О. Ұстағалиева және Н.К.Танкиева «Мейірім» облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде болып қайтты.  

Кездесу барысында судьялар Жаңа жылмен құттықтап, 31 бүлдіршінге жаңажылдық сыйлықтар мен ойыншықтар тарту етті.

Өз кезегінде "Мейірім" облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері м.а. М.Кубашева соттың ұжымына алғысын білдірді.

Мемлекеттің құрметті азаматтары

30/12/2014

Жаңа жыл қарсаңында БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы  И.М.Сматов сонымен қатар, соттың судьялары Е.А. Есеналиев және Л.Т. Корсакова Қазақстан Республикасының сот жүйесінің ардагері В.В. Ефременкованың үйінде болып қайтты.

В.В. Ефременкова 1937 жылы 20 қаңтарда Псков обласы Невельский ауданы Гостилов ауылында дүниеге келген.

Ол өзінің еңбек жолын Великие Луки қаласының тігін фабрикасында контролер қызметінен бастаған.

Арадағы келіспеушіліктің салдарынан көршісін өлтірген

30/12/2014

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 251 б. 1б., 96б. 1б. бойынша сотқа берілген Н.Ф. Курохтинге қатысты үкімді жария етті.

Үйінің ауласында, арақ ішкен мас күйінде болғанКурохтин гаражына бара жатқан көршісін көріп, тұрмыстық қатынаста бірнеше қайтара болған келіспеушілікті сылтауратып, үйінде заңсыз сақтаған тапаншаны алып, аулада ешкім жоғын пайдаланып, артынан барып, соңғының қолы мен мойын тұсына екі рет атқан. Атылған оқтан алған жарақаттанжәбірленуші есігі ашық жатқан жер төленің ішіне құлаған.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының мерейтойына орай өткен салтанатты шара

30/12/2014

Осыдан бес жыл бұрын, Елбасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №910 Жарлығымен Қазақстанның барлық облыстарында сонымен қатар, республикалық деңгейдегі қалаларда  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылған болатын. 

2010 жылдың 4 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі маманданыдырылған ауданаралық сотының салтанатты ашылуы болды.

Содан бері өткен аз уақыт ішінде өз ісінің кәсіби мамандарынан құралған ұжым қалыптасты.