Архив событий

05/12/2014

Соттың жұмыс тобы Жұбан елінде болды

05/12/2014

Құрамында Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Боранбаев, М.Бақтығұлов және облыстық соттың кеңсе мамандары бар жұмыс тобы Жұбан елінде-Ақжайық аудандық №2 және Ақжайық аудандық соттарында  арнайы жұмыс сапарымен болып қайтты.

Облыстық сотта қылмысты-құқықтық тақырыбында семинар өтті

05/12/2014

 

Облыстық соттың қылмыстықь істер жөніндегі апелляциялық сот алақсының төрағасы М.Нағашыбаевтың төрағалығымен Облыстық сотта қылмысты-құқықтық тақырыбында семинар өтті.

Семинардық жұмысына облыстық, қалалық, аудандық соттардың судьялары қатысты.

Семинар барысында «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулысы талқыланып, Орал қалалық сотының судьясы В.А.Дмитриенко баяндама жасады.

Әкімшілік-құқықтық тақырыбындағы семинар

05/12/2014

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында апта сайынғы әкімшілік-құқықтық тақырыптағы семинар болды.

Семинар барысында жаңа ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі талқыланды.

Атап айтқанда, жаңа кодекстің  2-Бөлімінің Ерекше бөлігі кеңінен талқыланды. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Р.Е.Сариева «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар», «Мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Мамандарға арналған семинар

05/12/2014

 

Орал қалалық сотында сот қызметкерлерін Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық – процестік, қылмыстық атқару кодекстері және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі бойынша  қайта оқытуға бағытталған семинар сабағы өткізілді.

Сонымен қатар аталған семинарда талап арыздар мен арыздардың тіркелгені туралы талон беру, электронды сотқа шақырту қағаздары туралы да айтылды.

«SKYPE» жүйесі арқылы жауапталды

05/12/2014

 

Орал қалалық сотында «SKYPE» жүйесі арқылы  облысымыздың аумағында тұратын жәбірленушілер мен куәгерлер Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық сотында қаралып жатырған қылмыстық іс бойынша жауапталды.

Жәбірленушілер өкілі және куәгерлер  Ж.С.Сулейменовке қатысты ҚР ҚК-нің 177б. 2б. «а»т., 177б. 2б. «б»т., 125б. 2б. «а»т., Е.М.Имашевке қатысты ҚР ҚК-нің 177б. 2б. «а,б»т., 177б. 3б. «б»т., 125б. 2б. «а»т.,  М.К.Мухангалиевке қатысты  125б. 2б. «а»т. айыпталып отырған қылмыстық іс бойынша шақырылған.