Архив событий

02/12/2014

Экономикалық соттағы семинар сабағы

02/12/2014

 

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында соттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»  тақырыбында семинар сабағы өтті.

Шараға соттың кеңсе меңгерушісі, мамандары және сот отырысының хатшылары қатысты.

Семинар сабағында соттың жетекші маманы А.К.Атаев баяндама жасап, сыбайлас жемқорлық жою жолдары тек қана қылмыстық-құқықтық шараларымен ғана шектелмей, жан-жақты іс шаралармен шешілу қажеттілігін айтты. 

Жол-көлік оқиғасы үшін әкімшілік жаза

02/12/2014

Казталов ауданының №2 сотында Р. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 468 бабының 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Аталған тұлға Алғай-Жалпақтал автожолында көлік басқарып келе жатып, қарсы бағыттағы автокөлікке түйіскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік иелеріне материалдық шығын келтірілген.

Сот аталған тұлғаны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде 18520 теңге айыппұл салды.