Архив событий

24/12/2014

Тараптар мәмілеге келді

24/12/2014

 

Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен медиация тәртібі бойынша дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, моралды залал өндіру туралы азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Тасқала ауданының тұрғыны өз қайын енесінен 500 000 теңге көлемінде моралды залал өндіру туралы талаппен сотқа жүгінді.

Талап арызында талапкер оған және оның екі жасар қызына дене жарақатын келтірген қайын енесінің тарапынан қорлауға душар болғанын баяндаған.