талқылау

Облыстық соттың қылмыстық алқасы ҚР ЖС нормативтік қаулысын талқылады

26/02/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы  облыстың қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Облыс соттарының қылмыстық істерді келісу өндірісінде қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысын талқылады.

Шыңғырлау аудандық сотында Президент Жолдауын талқылады

02/12/2015

Шыңғырлау аудандық сотында ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 30.11.2015 жылғы Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Сот төрағасы Т. Ибрашев алғы сөзінде биылғы жолдау – бұл қазақстандықтардың өмірін жылдан жылға жақсартуға бағытталған нақты істердің бағдарламасы, біздердің кәсіби іс-қимылдарымызға бастама болатындығын айтты. Бүгін қоғамның алдында Елбасының алға қойған міндеттерін саралап және оны орындау үшін басшылыққа алу міндеті тұр.

Облыстық сотында ҚР жаңа Азаматтық процессуалдық кодексі талқыланды

20/11/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотында ҚР жаңа редакциядағы Азаматтық процесуалдық кодексі талқыланды.

Облыстық, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары ҚР жаңа АПК әрбір тарауымен жекелеп танысты. Қалалық және аудандық соттардың судьялары баяндама жасады. Отырыс барысында аталған тақырып бойынша пікір алмасып, жаңа заңнаманы қолдану жөніндегі мәселелер талқыланды.

 

Облыстық сотта өткен дөңгелек үстел

19/06/2015

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында БҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің, жеке сот орындаушыларының, Орал қ. прокуратура өкілдерінің, облыс судьяларының қатысуымен «Жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану туралы. Бөгде иеліктегі мүлікті талап ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақжайық ауданының судьялары Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылады

10/06/2015

Ақжайық ауданының судьялары  Ақжайық ауданы әкімшілігінің  ұйымдастыруымен өткен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бағдарламасын талқылауға арналған жиынға қатысты.

Жиынға ішкі саясат бөлімінің, аудандық маслихат, аудандық ардагерлер кеңесінің, ауылдық округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдарының және «Нұр Отан» партиясының  және  БАҚ өкілдері қатысты.

Казталов ауданының №2 сотында «Президенттің бес реформасы» талқыланды

28/05/2015

Казталов ауданының №2 сотының жедел кеңесінде 06.05.2015 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында белгіленген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 5 иституционалдық реформаларын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» атты бағдарламасы талқыланды.

Ұлттық жоспардың негізіне иституционалдық 5 реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық даму, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру енді.

Бөрлі аудандық сотының ұжымы дамудың бес реформасын іске асыру бойынша ұлт жоспарын талқылады

25/05/2015

Бөрлі аудандық сотының ұжымы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес  реформаны іске асыру бойынша 100 қадамды талқылады.

Сот төрайымы Л.Т.Шамғонова өзінің баяндамасында, мемлекет құрылысын жетілдірудің бес институттық реформаларын іске асыру бүкілхалықтық, ғаламдық заманауи талаптардың жауабы болып табылатынын атап өтті.  

Батыс Қазақстан облыстық сотында Елбасы ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы талқыланды

21/05/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық, қалалық соттардың судьялары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының он алтыншы съезінде Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамын талқылауға арналған жиын өтті.

Жиынды ашып сөз алған облыстық соттың төрағасы Б.Әметов бес институттық бағдарламаны жүзеге асыруда соттардың алдында тұрған міндеттерге жан – жақты тоқталды.

Батыс Қазақстан облыстық сотында ҚР ӘПК жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

17/04/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен ҚР ӘПК жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Ә.Бегалиев алғы сөзбен ашты.

Облыстық соттың судьясы Е.Идиров шараға қатысушылардың назарына «Әкімшілік сот ісінің міндеттері мен түйіндері» тақырыбында баяндама жасады

Облыстық соттағы дөңгелек үстел

04/03/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотында «ҚР ҚПК-нің 476 бап тәртібімен материалдарды соттардың қарауы және материалдарды жинақтап, рәсімдеу барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алақсының төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты. Өз сөзінде ол талқыланып отырған тақырыптың тек судьяларға ғана емес, сонымен қатар басқа қатысушыларға да маңызды екендігін атады.

Беттер