Архив событий

22/12/2014

Үкім жария болды

22/12/2014

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 96 бабы 1 бөлігі сотқа берілген А.Н.Ахметкалиевке қатысты үкімді жариялады

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

22/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2-ші сотында 2014 жылдың 29 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Экономикалық сотта семинар сабағы өтті

22/12/2014

 

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы «Сот кабинеті» қызметін іске асыру туралы тақырыпта семинар сабағы өтті.

Шараға соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.Калиева және кеңсесінің мамандары қатысты.

Семинар сабағын алғы сөзбен соттың жетекші маманы А.Мажитова ашты.

Жол-көлік оқиғасы үшін жауапкершілікке тартылды

22/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 соты  ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабының 1 бөлімімен  әкімшілік іс қарады.

Алматы қаласының тұрғыны Пацегон Александр Орал-Атырау күре жолының 282 шақырымында автокөлік басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, көліктің  аударылуына жол беріп, салдарынан материалдық шығын келтірілген.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 468 бабы 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 18520 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.