Қылмыстық-құқықтық тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық-құқықтық тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев ашты.

Облыстық соттың судьясы В.Булавцева жиналғандар алдында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 07 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын түсіндіру бойынша баяндама жасады.

«Есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысы талқыланды.

Семинарға қатысушылар ҚР жаңа қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-артқару кодекстерінің бөлек тарауларын талқылады.

Облыстық соттың судьясы М.Бақтұғылов «Қылмыстар жиынтығы бойынша жазаны тағайындау және саралау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі