Архив событий

23/12/2014

Сот қызметкерлері қан тапсырды

23/12/2014

 

23 желтоқсан күні Орал қалалық сотының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық қан орталығы және Орал қалалық сотының ұйымдастыруымен   «Донор күні» шарасы өтті.

Батыс Қазақстан облыстық қан орталығының медициналық қызметкерлері Орал қалалық сотының ғимаратында сот мамандарынан қан алды.

Батыс – Қазақстан облыстық сотының қызметкерлері, Орал қалалық сотының, Орал қаласының № 2 сотының судьялары мен мамандары қн тапсырды. Қан тапсырылған  соң, донорлық анықтама берілді. 

Сот қызметкердің құқығын қорғады

23/12/2014

 

Орал қаласының №2 қалалық сотында талапкер Е.Б.Нұғмановтың «Центр» ПИК-қа бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта орналастыру, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған күндері үшін жалақыны өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Өзінің арызында талапкер жауапкердің қызметкерлер санын қысқартуға байланысты жұмыстан босатқанын көрсеткен. Жауапкердің бұл әрекетін заңсыз деп санайды.

Сот жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде жұмыстан қалған күндері жалақыны өндіру туралы арызды қанағаттандырды.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен дөңгелек үстел

23/12/2014

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бастамасымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасын аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстелде ҚР жаңа ӘҚБтК-нің новеллалары, сонымен қатар оның бөлек ережелерде қолданатын ұйымдастырушылық және тәжірибелік мәселелер талқыланды. Сот төрағасы Ғ.С.Ищанов және судьялар А.М. Қадырова, Қ.Б. Махметов баяндама жасады.