Архив событий

25/12/2014

Қарасора өсімдігін егіп, өсіргені үшін сотталған.

25/12/2014

Тасқала аудандық сотымен Н.К.Елеукенов есірткі заттарын өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған тұлға қарасораны егіп, жеке тұтынуы үшін жинаған.

24.12.2014 жылғы Тасқала аудандық сотының үкімімен Н.К.Елеукенов ҚР ҚК-нің 262 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын  жалпы режимінде түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Жылжымайтың мүлікті уақытында тіркемегені үшін жауапкершілік

25/12/2014

Тасқала аудандық сотымен азаматша Г.Умиралиева жер телімінің  жеке меншік құқықығы бойынша жылжымайтын мүлікке құжаттарын мемлекеттік тіркеуге уақытылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен Г.К.Умиралиева ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 18 520 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқан

25/12/2014

Тасқала аудандық сотымен азамат Б.Т. Джумашев  құны 20 000 теңге велосипедті ұрлап айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында сотталушы Б.Т. Джумашев жәбірленуші М.А.Кушалиевамен медиация тәртібі бойынша татуласқан. Cот қаулысымен Б.Т.Джумашевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігімен қысқартылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларын түсіндіру тақырыбында дөңгелек үстел

25/12/2014

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларын түсіндіру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.