Азаматтық-құқықтық тақырыптағы оқыту шарасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен азаматтық-құқықтық тақырыптағы оқыту шарасы өтті.

Семинарды алғы сөзбен облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасмының төрағасы Б.Ә.Бегалиев ашты.

Семинар барысында ҚР ҚІЖК-нің 13-1-тарауы   «Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау» (ҚР 17.11.2014 ж. № 254-V Заңымен енгізілген) талқыланды. Осы тақырыппен № 2 Орал қалалық сотының судьясы  Ф.С. Сапарова және облыстық соттың судьясы Ж.М. Қашқынбаева  баяндама жасады.

Семинар қорытындысы бойынша келелі мәселелер талқыланып, ұйғарымдар ұсынылды.  

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі