семинар

Батыс Қазақстан облысында экологиялық заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесін талқылау бойынша семинар өткізілді

26/10/2017

Семинар жұмысына облыстық сот басшылығы мен судьялары, Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары, табиғат қорғау прокуратурасы,экология департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, адвокаттар алқасы және қоршаған ортаны қорғау саласын бақылауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік мекемелер, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

БҚО-ның ҚІжМАС мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен «дөңгелек үстел» өткізді

24/05/2016

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  жеке сот орындаушыларының өңірлік палатаның басшының орынбасары К.А.Аралбекованың және Әділет Департаментінің  өкілдері А.М.Исмагулова, М.Н.Ильясовтың қатысуымен «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесінде атқару парақтарын электрондық құжат нысанында жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырыпта семинар өтті

06/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен қылмыстық-құқықтық тақырыпта семинар өтті.

Семинарды қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашып, семинардың және талқыланып отырған тақырыптың тек жас судьяларға ғана емес, жалпы облыс судьяларына маңызды екендігін атады.

Сот мамандарының қатысуымен семинар өтті

18/04/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе меңгерушісі А.М.Сағаденованың және сот мамандарының қатысуларымен «Төрелік» - ақпараттық жүйесін пайдалану» тақырыбында семинар өтті.

Қылмыстық істер мен материалдарды қарау жөніндегі сот тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды

15/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Қылмыстық істер мен материалдарды қарау жөніндегі сот тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар болды.

Семинарды ашып сөз алған Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев қозғалып отырған мәселенің маңызына тоқталды.

Жаңақала аудандық сотында семинар өтті

14/04/2016

Жаңақала аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.Искакованың  және сот мамандарының қатысуымен «Төрелік» ақпараттық сервисінде жұмыс кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Облыс соттарының БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

08/04/2016

Бүгін облыстық сотта "Сот жүйесінің БАҚ-пен өзара іс-қимылы" тақырыбында сот кеңселері меңгерушілерінің қатысуымен семинар өтті.

Аталмыш іс-шараны БҚО бойынша соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі ұйымдастырды.

Облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырыбында семинар өтті

07/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істерді қарайтын судьялардың қатысуымен қылмыстық-құқықтық тақырыбында семинар өтті.

Семинарды қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты.

Казталов ауданының №2 сотында жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында семинар өтті

28/03/2016

Казталов  ауданының №2  сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет –өту режимін сақтау» тақырыбында семинар өтті.

Шараны өткізудің басты мақсаты - өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнаманы сақтау.

Беттер