Архив событий

10/12/2014

Қылмыстық іс тараптардың татуласуымен шешілді

10/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында 175б. 1б. «в» тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Алиев бөтеннің үй-жайына кіріп, сол жерден етікті ұрлап, жәбірленушіге 20 000 теңге материалдық шығын келтірді деп айыпталған..

Сотта сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, ұрланған затты жәбірленушіге қайтарып, кешірім сұрады. Жәбірленуші өз тарапынан сотталушыға кешірім берді. Тараптар кәсіби емес медиатордың көмегімен мәмілеге келді.

Іс тараптардың өзара татуласуымен қысқартылды

10/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Алмалы ауылының тұрғыны денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені үшін сотқа тартылған.

Сот отырысында тараптар татуласуларына байланысты істі қысқартуды сұрады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты  іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Тараптар мәмілеге келді

10/12/2014

 

Теректі аудандық сотының ұйғарымымен медиация тәртібі бойынша дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, сомма өндіру туралы азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Талапкер «Казахтелеком» АҚ жауапкерден 17500 тенге өндіру туралы арызымен сотқа жүгінген.

Талапкер өзінің талап арызында жауапкердің телекоммуникация қызметін пайдаланғаны үшін 17500 тенге бере шегін төлемейтіндігін айтқан.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

10/12/2014

 

Тасқала ауданында ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Алайда, сот отырысында әйелі мен күйеуі араларындағы істі кәсіби емес медиатор арқылы шешіп, «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды. 

Көршісіне сыйламаушылық танытқан

10/12/2014

 

Құқық бұзушы П.М.Букаткин  арақ ішкен, мас күйінде  көршісінің үйіне келіп, есігін теуіп, үй иесін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен П.М.Букаткин   ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 5 556 теңге әкімшілік айыппұл салынған.