Архив событий

26/12/2014

Алқабилердің қатысуымен кісі өлтіру ісінің үкімі жария болды

26/12/2014

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ҚК-нің 120 бабы 2 бөлігі «б» тармағы, 96 бабы 2 бөлігі «к» тармағымен сотқа берілген А.А. Бурлаковтың қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, сотталушы А.А. Бурлаков танысымен ішімдік ішу кезінде, белгісіз бикешпен жақын танысуға мүмкіндік бермегені үшін соңғымен сөзге келіспеушілік туындаған. Соның салдарынан танысының басына 9 рет соққы жасап, соңғысы оқиға болған жерде қайтыс болған.

Ауылдасының намысына тигені үшін қамауға алынды

26/12/2014

Казталов аудандық соты ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлімі бойынша азамат Е. қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарынан анық болғандай, Казталов ауданы Нұрсай ауылының тұрғыны өзінің ауылдасының үйіне келіп, еш себепсіз балағаттап, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Сот азамат Е. ҚР ӘҚБтК 330б. 1б. кінәлі деп танып, әкімшілік жаза түрінде 2 тәулік қамауға алды.