Архив событий

03/12/2014

Қалалық сотта ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

03/12/2014

 

Орал қалалық сотында  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды.

Сот төрағасы Б.Е.Мәмбетов аталған жолдауда  қазіргі әлем экономикасының  шеңберінде еліміздің саяси- қоғамдық бағыттары айқындалғанын атап өтті.

Қалалық соттың судьясы М.Б.Китарова  баяндама жасап, Жолдауда көрсетілгең негізгі бағыт-бағдарларға тоқталды.

Ұрлығы үшін жазаланды

03/12/2014

 

Орал қалалық сотында тонау белгілерімен қылмыс жасаған азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды.

2014 жылдың 14 қарашасында Рыскалиев Н. таңғы сағат 06..00 шамасында қасынан өтіп бара жатқан ар адамды көріп, оның бетіне басымен соққы жасап, жерге құлатқан. Содан соң үстіндегі күртешесін, ішінде 2000 теңгесі болған әмианын  ұрлап кеткен.         

Салдарынан жәбірленушіге  13 000 теңгеге материалдық шығын келтірілген.  

Заңнама новеллалары талқыланды

03/12/2014

 

Орал қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық  ісжүргізу кодекстеріне және  басқа заңнама актілеріне енгізілген өзгерістер мен қосымшалары талқыланды.

Талқылауға Орал қаласының №2 сотының судьялары қатысты.

Жиын барысында сот әділдігін жүзеге асыру, бюрократиялық рәсімдерді мейлінше азайту, істерді қарапайым өндіріс тәртібімен қарау ерекшелігі сынды мәселелерге айрықша мән берілді.