Архив событий

18/12/2014

Медиация тәртібімен татуласты

18/12/2014

Тасқала ауылының тұрғыны өз атына жекешелендірілген үйден күні бүгінге дейін тұрып келе жатқан, бұрынғы жолдасын шығаруды сұрап, сотқа жүгінген.

Сот отырысында талапкер бұрынғы жолдасымен араларындағы дауды кәсіпқой емес медиатор арқылы шешіп, өзара татуласып, ҚР «Медиация туралы» Заңына сәйкес жасалған «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, бекітуді және істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Облыстық соттың төрағасы жас судьялармен кездесті

18/12/2014

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар және жаңадан тағайындалған  жас судьялармен кездесу өткізді.

Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан Судьялар одағы Батыс Қазақстан облыстық филилалының төрағасы Ғ.Ищанов, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялар әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Х.Аманқұлов және комиссия мүшелері Т.Оразова, Е.Боранбаев, Ф.Құрманова, Қ.Махметов қатысты.