Құқықбұзушы 20 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Казталов ауданының №2 сотында  Ж.-ға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша Ж. масаю күйінде автокөлік жүргізгені үшін, жол полициясының қызметкерлеріне ұсталған. Сонымен бірге, оның көлік жүргізу құқығын растайтын құжаты болмай шыққан.                                                                                        

Соттың қаулысымен Ж. ӘҚБтК 467 бабының 8 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі