Медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Сотталушы К.Чупиков Тасқала ауылылындағы дүкенінде болып, сатушының үстел үстінде жатқан ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен татуласып, келісімге келгендерін, істі медиация заңнамасына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған  «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынды.           

Сотталушы К.Н.Чупиков өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық келісімі негізінде мәмілеге келгендерін айтып, істі қысқартуды сұраған.

Тасқала аудандық сотының  қаулысымен ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен айыпталған К.Н.Чупиков ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігіне сай қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.    

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі