Тараптар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Орал қалалық сотында кәсіби медиатордың қатысуымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Сергей Шлапо қараша айының басында ашық түрде жәбірленушінің ақша, ұялы телефон, банкомат карточкасы салынған сөмкесін ұрлап алған. Келтірілген шығынның жалпы соммасы 130 мың теңгені құраған.

Сот отырыс барысында тараптар медиация тәртібімен сотталушыға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш білдірді. Сонымен қатар, жәбірленушіге материалдық шығын толықтай қайтарылғандығы анықталды.

Тараптар кәсіби медиатордың қатысуымен дауды бітімгершілік тәртібімен шешу туралы келісім жасасты.

Сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату негіздемесі Қазақстан Республикасының 28.01.2011ж. №401  «Медиация туралы» Заңының  және ҚР ҚК 67 бабының талаптарпына сай.

Сот сотталушы Шлапоны медиация тәртібімен  ҚР ҚК 178б. 1б. бойынша  қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі