Архив событий

31/07/2015

Мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан шектеуге сотталды

31/07/2015

 

Жаңақала аудандық сотының үкімімен А.Абдиров ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлімінің 2, 3 тармақтарымен айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Сотталған А.Абдировтың тәртібін бақылау Жаңақала аудандық пробация қызметіне жүктелді.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, А.М.Абдиров бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, құны 20000 теңге тұратын қой малын ұрлап, сойып алғаны және тұрғын үй жайға заңсыз кіріп, 7000 теңгенің ұялы телефонын ұрлаған.

Әкімшілік қамауға алынды

31/07/2015

Сырым аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас аясында құқықққа қарсы әрекет жасаған азамат С-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы өз үйінде, арақ ішкен  мас  күйінде жолдасына  былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен.

Отбасы-тұрмыстық қатынас аясында құқықбұзушылықты жасағаны үшін құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 73 б. 1 б. кінәлі деп танылып, 3 тәулікке қамауға алынды.

 

Сырым ауданында өткен ауданаралық семинар

31/07/2015

Сырым аудандық  сотының төрағасы Г.М.Құлмұханов «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында «Мемлекеттің заң шығару және құқық қолдану қызметін жаңғырту» тақырыбында өткен ауданаралық семинарға қатысты.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қамауға алынды

31/07/2015

БҚО сот актілер орындау жөніндегі департаментінің Қаратөбе аумақтық бөлімінің сот орындаушысы құқық бұзушы М-ға қатысты сот актісін орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы хаттама толтырды.

Соттың шешіміне сәйкес, құқықбұзушы талапкердің  пайдасына кәмелетке толмаған баласын асырап-бағуға алимент төлеуге міндеттелген.

«Медиация заңын қолданудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31/07/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотында "Медиация заңын қолданудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараны алғы сөзбен ашқан азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев аталған заңды сот тәжірибесінде қолданудың маңыздылығын атады.  

 "Азаматтық сот процесі шеңберіндегі медиация"  тақырыбында Орал қаласының №2 сотының судьясы Ш.Шайдиева баяндады.

Ұлт жоспарының негізгі 100 қадамы талқыланды

31/07/2015

Зеленов ауданында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам" Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында облыстық деңгейде құрылған ақпараттық топ мүшелерімен кездесу өтті.

Іс бітімгершілікпен аяқталды

31/07/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Б-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-ің 73 б 1 б бойынша әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат Б. өз үйінде ұрыс шығарып, жұбайына қарсы былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзып, сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында азамат Б. кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, жұбайынан  кешірім сұрады. Соңғысы өз кезегінде оны кешірді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың қорытындысы

31/07/2015

«Қазақстан Республикасы Жорғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» ММ-не бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс.

Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі 2015 жылғы 30 шілдеде бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерге арналған конкурсты қорытындылады.

Конкурс бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасу Қағидасына сәйкес жүргізілді.

Облыстық соттың судьяларының қатысуымен өткен дөңгелек үстел

31/07/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының медиа жоспарына сәйкес, облыстык соттың БАҚ-пен үйлестіруші судьясы Е.Н.Боранбаев пен облыстық соттың судьясы Т.С.Оразова Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда Ұлт жоспарының100 қадамы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.

Билік өкiлiнің заңды талаптарына бағынбаған

31/07/2015

Ақжайық аудандық №2 соты қылмыстық теріс қылық жасағын азаматқа қатысты Қазақстан Республикасынын ҚК 379 б. 1 б. бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. алкоголдік мас күйінде қоғамдық орында тәртіп бұзушылыққа жол бергені үшін Тайпақ полиция бөлімінің инспекторларына ұсталған. Азамат Б. билік өкілдерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық танытып, инспектордың нысанды киімінің шалбарынан тартып, жыртып жіберген.

«Банкроттықты тану туралы азаматтық істерді қарау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

31/07/2015

Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Ә.Бегалиевтің төрағалығымен облыстық сотта   «Банкроттықты тану туралы азаматтық істерді қарау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында «банкроттық және оңалту рәсімдерінен туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында олыстық соттың судьясы Т.Оразова баяндама жасады.

БҚО МАЭС судьясы Н.Сейдахметова жиналғандарды «Банкроттық туралы істерді қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулы жобасымен таныстырды.